Шұғыл байланыс желісі – тәртіп кодексінде және корпоративтік саясатта баяндалған құқыққа қарсы әрекеттер мен бизнесті әдеп жүргізу қағидаттарының бұзылуына қарсы іс-қимылдың тиімді құралы. Компания «Мегаполис-Қазақстан» СК табысы оның қызметкерлері мен серіктестерінің даму стратегиясына және бизнесті жүргізу қағидаттарына деген сенімділігіне тікелей байланысты екенін мойындайды және әрбір мүдделі тұлғаның пікірін жоғары бағалайды, ол үшін компанияда Кері байланыс – шұғыл желісі мүмкіндігі ұйымдастырылған.

ЕГЕР СІЗ КЕЛЕСІНІ БІЛГЕН БОЛСАҢЫЗ:

  • компанияда дайындалып жатқан немесе орын алған сыбайлас жемқорлық, алаяқтық және ұрлық фактілері;
  • ТК Мегаполис-Қазақстан өнімдерінің құрамына кіретін жалған немесе контрафактілік өнімдермен сауда жасау;
  • Компания қызметкерлеріне қатысты мүдделер қақтығысымен сипатталатын жағдайлар;
  • «Мегаполис-Қазақстан» СК қызметкерлерінің лауазымдық жағдайын және өкілеттіктерін асыра пайдалану;
  • компаниядағы заңсыз қаржы операциялары;
  • монополияға қарсы заңнаманың болжамды, дайындалып жатқан немесе орын алған бұзушылықтары;
  • Мегаполис-Қазақстан СК қаржылық және басқару есептілігін бұрмалау;
  • компаниядағы кемсітушілік жағдайлары;
  • мінез-құлық кодексінде және қабылданған корпоративтік саясатта баяндалған бизнес пен жұмысты жүргізу қағидаларын бұзатын немесе бұзуы мүмкін өзге де әрекеттер немесе әрекетсіздіктер,

Сізден тез арада «ТК Мегаполис-Қазақстан» шұғыл байланыс  желісіне хабарлауыңызды сұраймыз:

8 800 080 08 20

«Мегаполис-Қазақстан» шұғыл байланыс желісін сыртқы кеңесші басқарады, ол хабарламаларды өңдеудің тәуелсіздігі мен құпиялылық пен жасырындықты қамтамасыз етеді.

Шұғыл байланыс желісінің жұмысы үш негізгі қағидатқа негізделген:

Құпиялылық және жасырындылық

Ақпарат Сіздің басшыңызға немесе әріптестеріңізге берілмейді. Хабарлама сипатына қарамастан компания тарапынан ешқандай қудалауға ұшырамайды.

100% хабарларды өңдеуді бақылау

Кез келген хабарлама назардан тыс қалмайды және белгіленген рәсімге сәйкес қаралатын болады.

Әрбір хабарлама бойынша іс-әрекеттер қабылдау

Бұзушылықтар расталған жағдайда «Мегаполис-Қазақстан» СК белгіленген тәртіпте шаралар қабылдауға,  заңсыз және этикалық емес мінез-құлық жағдайларының алдын алуға бар күшін салады. Егер сіз байланыс мәліметтерін қалдырсаңыз, сізге міндетті түрде тексеру нәтижелері туралы хабарланады.