Қалайша бірінші болу керек

Қалайша бірінші болу керек

Кәсіпорынның озаттығы – бұл оның қызметкерлерінің көшбасшылығы. «Мегаполис-Қазақстан» Сауда компаниясы бұл жайлы бәрінен де жақсы біледі. Біз Қазақстанның әртүрлі аймақтарындағы сауда жетекшілерінен олар жылдар бойы өз позицияларын қалайша сақтап келетінін сұрадық. Қызметтік бағалау мен KPI бойынша жоғарғы көрсеткіштерді қалай сақтауға болады? Әр шеберде өз құпиясы бар – клиентке қажетті кілтті қалай дұрыс таңдау керек, себебі осы клиенттер – бұлар сауда үрдісінің негізгі бағыты.

«Мегаполис-Қазақстанда» Қызметтік бағалау бұл — ассортимент пен жұмыс үрдісін білу, басты және икемді дағдылар, аймақтық бағалау, сұхбаттасу, сауда өнімдері мен дағдыларына оқыту. . Қызметтік баға көрсеткіші жоғары қызметкерлер жалақыға ай сайын қосымша ақы алады.
Қызметтік баға келесіге мүмкіндік береді:
• мансаптық өсу және оқыту (бұл сіздің мансаптық өсуге қаншалықты дайын екеніңізді, қандай аспектілерде оқыту қажет екенін және т.б. көрсетеді) ;
• Сіз қаншалықты тиімді жұмыс істейсіз және талаптарға сай келесіз;
• Сізге Компания Сізден нақты нені күтетінін көрсетеді;
• Біртұтас командалық жұмыс – қызметтік баға көрсеткіштері команданың тиімділігін анықтайды және жыл сайынғы Mega Cup турнирінде ұсынылады – 2-ші деңгейдегі қызметкерлер неғұрлым көп болса, дивизион/филиалдың жеңіске жету мүмкіндігі соғұрлым жоғары;
• Мақсаттарға тиімді қол жеткізуге ынталандырады.Грейд – бұл қызметкерлердің оның кәсіби білім, дағды және құзыреттілік деңгейінен қызметкердің біліктілігі.
KPI – тиімділіктің негізгі көрсеткіштері (өнімділік).
Қалайша бірінші болу керек 1

Ренат Керейбаев, еңбек өтілі 6 жыл.

Менімен келесі жағдай болған – дүкен әкімшісі, ескі ұстанымдағы әйел адам, «жоқ» десем — «жоқ» деп жауап берді. Мен оны әңгімеге тарттым, талап етпедім, басқа жағынан жол табуға тырыстым, тауардың басқа түрін ұсындым, әкеліп көрсеттім, оң жақтарын жеткіздім. Үшінші кездесуден бастап ол бәріне тапсырыс бере бастады. «Ренат, есінде ма алғашында қалай сөйлесетінбіз» -деп, әлі күнге дейін күліп еске аламыз. Әрине есімде, бір ұрысып алатын, не болмаса ерегісетін. Қазір жақын туыс адамдарша араласамыз. Қалайша бұлай болды? Қателіктермен жұмыс. Сауда жүрмеген жағдайда неліктен олай болғанын түсіну керек, дұрыс ақпарат бердің ба, нені дұрыс істемедің… егер осындай талдау өзін үшін жасасаң, келесі жолы міндетті түрде бәрі жүзеге асады. Тексерілген. Мен бұрындары әскери адам болғанмын, менің басымда тәртіп, өз міндеттерімді және өзіме тапсырылғандарды бұлжытпай орындау қалыптасқан. Тауар таусылуға жақын екенін көрсем, міндетті түрде сатамын. Менің сауда орындарым біледі – «Ренат міндетті түрде істейді, ештенені ертеңге қалдырмайды».

Қалайша бірінші болу керек 2

Арман Дюсеков, еңбек өтілі 6 жыл.

Сауда орнындағы алғашқы әсер – аса маңызды. Мақтау сөздер менің тәжірибемде көмектесе бермейді – байсалды, өте байсалды адамдары бар дүкендерде іскерлік қатынасқа түсуге тырысып, неғұрлым ресми қатынас қалыптастыруға бет бұрасын. Өздері әрқашан жайдарлы клиенттер бар және бұл бағытты сақтай білу керек, одан басқалары да бар. Бірде әкімші маған немқұрайлы қараған жағдай болды бірақ мен мойымадым, әрқашан күлімсіреп, орынды мақтаулар айтып, осылайша қарым-қатынасты дұрыстадық. Бірден емес, әрине, екі ай ішінде. Шыдамдылық пен еңбек. Егер жанжал туындаса әрі қарай ештене жүзеге аспайды. Сондықтан жанжал туындай бастаса, өршітпей, бірден басып тастауға тырысамын. Мені жанжалға тартса да, арандатушылыққа бой алдырмаймын.

Қалайша бірінші болу керек 3

Влад Чипиженко, еңбек өтілі 1 жыл.

Менің құпиям – м… мен көңіл көтеріп, шиеленістерді әзілге айналдырамын. «Сәлем, қалың қалай? Үй-жәй аман-есен ба? Бала-шаға қалай?». Жалпы айтқанда, жайдарлы достық қатынас орнатам. Осылай болғаны маған да, сатушыларға да орынды. Ең бастысы қатынасты мен қалыптастыратынды ұмытпау қажет – әзілмен және жылылықпен. Әрине сонымен қатар біздің филиалдың ұжымы. Мен бұрындары фабрикада, басқа компанияда сауда өкілі болып және өз өзіме де қызмет істегем. Бірақ мұндай ұжымды басқа жерде кездестірмедім. Бізде бәрі тату, – бірдене түсініксіз болса сұрайсыз, саған бәрін көрсетіп түсіндіреді. Әріптестерге қарап, оларға бет аласың, жұмыстан кейін де араласамыз, бір-бірімізге көмектесеміз – сөздің түйіні, мықты ерлер ұжымы.

Қалайша бірінші болу керек 4

Арыстан Карабаев, еңбек өтілі 10 жыл.

Клиенттердің алдында беделге ие болу керек, ал бұл деген адалдық, қамқорлық және дұрыс сөйлеу. Көмек қажет болған жағдайда – қол ұшын созып көмек ұсыну, көрсету. Біз «Мегаполисте» тауардың спецификасына байланысты басқаларға қарағанда дүкендерге жиі кіреміз. Мұны дұрыс пайдалана білу керек, сауда орнымен жақсы қарым-қатынас орнату біз үшін оңайырақ. Сауда орнында саған сенім артып, сенің өз тауарыңды жақсы білетінді көргенде, жұмыс істеу де оңай – сенім бар.

Қалайша бірінші болу керек 5

Данияр Калдаев, еңбек өтілі 8 жыл.

Мен ең басында олардың жеке қал-жағдайларын сұрап, сонсын ғана саудаға жәйлап көшемін… Ол жердегі адамдардың өз қиындықтары мен мәселелері бар. Бұл жерде дұрыс қатынас орнатып, тіл табыса білген дұрыс. Жақсылық тілеу — бұл басты кілт. Дүкен әкімшісі жұлдыз болуы мүмкін, алайда онымен де дұрыс қатынас орнату қажет. Мақтау айту – бұл міндетті. Егер қатаң болса – өзіңді ресми түрде ұстану қажет. Сонымен қатар мен ешқашан қыспаққа алмаймын, адам таңдай алмай тұрғанын көрсем, шешім қабылдағанын күтемін, кеңес беремін, ешқашан асықтырмаймын. Шыдамдылық, жұмсақтық және мақтау айта білу – бұл менің құпияларым.

Қалайша бірінші болу керек 6

Асылан Кадыров, еңбек өтілі 10 жыл.

Мен алдын ала ұсақ-түйекке дейін жоспарлауға тырысамын. Нақты жоспар құрып, сол жоспарды ұстанамын. Маршрут, қалай кіремін, не айтамын, сауда орнында бүгін ауысымда кім тұр, кімнің мінезі қандай, оларда не жақсы сатылады. Бұл жылдар бойы қалптасқан, автоматты түрде. Егер жанжал туындаса алдымен дүкеншіні немесе әкімшіні тыңдаймын, сонсын ғана жағдайды түсіндіремін, кешірім сұрап, бұндай жағдайдың кейін орын алуына жол бермеймін.

Қалайша бірінші болу керек 7

Касымхан Бауыржанулы, еңбек өтілі 4 жыл.

Қарым-қатынас, міне, ең маңыздысы. Ал жалпы, барлық құпияларды бізге тренерлер айтады. Егер бірдене түсініксіз болса, әрдайым қоңырау шалып сұрауға болады. Мен екі жылға жуық «Нұрсая» ауданында жұмыс жасаймын. Өз аумағымды жақсы танимын, білемін. Бәрімен достасып алғанмын. Мұнда ең маңыздысы ілтипат көрсету. Сонымен қатар ассортиментті мұқият қадағалау керек, сауда орнында да, машинада да толық болуы керек. Сөрелерде қоймада не бар соның бәрі тұруы керек. Өз ойында бәрі санаулы болуы керек, қанша дүкен және тб. Сөзімнің соңында, мен жұмысты бос сөзбен емес, орындалған жоспарлармен көрсетуге тырысатынымды қосқым келеді.

Қалайша бірінші болу керек 8

Ержан Казбеков, еңбек өтілі 6 жыл.

Кей күндері дүкенге келсең, адамның көңіл-күйі жоқ екенін көресің. Сұрық қойсам, ызаланып жауап қайтарады, мен оларды сұрақ астына алғым келмейді. Келесі күні келгенде:
– Бәрі жақсы ма? Ашуыңыз қайтты ма?
– Иә, ашуым қайтты.
Олай болса жұмысқа кірісейік.
Мен шиеленістен аулақ адаммын, мұны бәрі білдеі: клиенттер де, басшылық та. Егер мәселе болса, сауда орнында бірден шешеміз. Барлығымен бірден қарым-қатынас орнату мүмкін емес, бірақ уақыт өте келе бәрі міндетті түрде жүзеге асады.