Next ұрпағы «Мегаполис-Қазақстан» қызметінде

Next ұрпағы «Мегаполис-Қазақстан» қызметінде

Өз автопаркін жаңартуға «Мегаполис-Қазақстан» 21 жылы бағыт алған болатын. Қазіргі кезде мартшрутта 169 жаңартылған Next ГАЗельдері қызмет етуде. Әлі де қатарымыз толықтырылып отыр. Неліктен таңдау нақты осы автомобильдерге түсті және олардың біздің жігіттеріміздің жұмысындағы үлесі жайлы Роман Туранский «Мегаполис-Қазақстанның» жеке көлік бойынша менеджері мен Сергей Аникин Алматы қаласы филиалының гараж басшысы айтып береді.

Next ұрпағы «Мегаполис-Қазақстан» қызметінде 1

Роман Туранский «Мегаполис-Қазақстанның» жеке көлік бойынша менеджері:

Неліктен Next ГАЗельдерін таңдадық? Олардың басымдығы неде?

Next ГАЗель автокөліктері тұтасметалды фургондармен. Бұл модель алдыңдағы – ГАЗель «Бизнес» моделін алмастырды, алдыңғы модель 2021 жылы өндірістен алып тасталынған. ГАЗель Next өзінің ерекше дизайнымен, стильді торымен және заманауи пішіндегі шам шырақтарымен ерекшеленеді. Ол «Бизнес» кабинасынан жүргізушіге арналған қауіпсіздік жастықтарымен және белдемшелерімен қауіпсіздігі жоғары. Кабина кең және жайлы. Жүргізуші орындығы бірнеше бағытта реттеледі, қол асты тіректі қажетті биіктікке көтеріп/түсіруге болады. Құралдар панелі тартымды және ыңғайлы, салонда құрал-жабдықтарға мен өрт сөндіргішке арналған бөлімшелер бар. Кабинада электрлік терезе жылжытқыштар, айна жылытқыш пен басқа да шағын, бірақ өте ыңғайлы жаңашылдықтар бар.  Ходовая часть Next ГАЗелі мен «Бизнестің» жүргізу бөліктері түбегейлі ерекшеленеді. Next-те тәуелсіз аспалы бөлігі бар, ал «Бизнесте» – рессорлы балкамен.

Рессорлі типтегі аспалы бөлік сенімді және тексерілген, ол жол талғамайды және ауыр жүктемелерге төтеп береді. Сонымен бірге шар тәрізді тұтқалар жақсы маневрлік пен жайлылық береді. Аспалы бөлік түрі ең алдымен эксплуатациялау жағдайларына байланысты. «Бизнес» Газелі мен Next Газелінің рөлдері гидрокүшейткішпен, сондықтан басқару кезінде аз күшті қажет етеді. Next-те жеңіл автокөліктерде сияқты рөлдік рейка орнатылған, бұл көлікті айдау кезінде жайлылық береді. Біз автокөліктерді мұздатқышпен сатып аламыз, бұл біздің оңтүстік аймақтар үшін өте маңызды. Неліктен Next ГАЗелі? Біз үлкен компаниямыз, бізде аймақ бойынша 24 филиал бар, сондықтан да еліміздің барлық аймақтарында сервистік қызмет көрсету мен құрал-саймандардың болуы біз үшін өте маңызды.

Неліктен автопаркті ауыстырамыз?

Автопаркті жаңарту оның ескіргендігімен байланысты. Автокөлікті ұзақ мерзімде қолдану оның жиі бұзылуына әкеледі және оның техникалық қызмет көрсету құнын арттырады.

Next ГАЗельдерін қандай көлемде сатып алдық және қай аймақтарға жібердік?

Бүгінгі күнде сатып алынған:

2021 жылы – 50 дана, в 2022 жылы – 119 дана.

Келесі филиалдар үшін:

Ақтау – 10 данаҚызылорда – 3 дана
Ақтөбе – 10 данаАстана – 18 дана
Алматы – 26 данаӨскемен – 11 дана
Атырау – 4 данаПавлодар – 14 дана
Қарағанды – 9 данаПетропавл – 8 дана
Көкшетау – 5 данаСемей – 4 дана
Қостанай – 13 данаТараз – 11 дана
Орал – 8 данаШымкент – 15 дана

Әлі де қаншасы және қайда сатып алынады?

2023 жылы 90 автокөлік келесі қалаларға сатып алыну жоспарда: Ақтау, Ақтөбе, Алматы, Астана, Атырау, Қарағанды, Көкшетау, Қостанай, Қызылорда, Павлодар, Петропавл, Тараз, Орал, Өскемен, Шымкент.

Жаңа Next Газельдерін алғандар не айтады екен:

Next ұрпағы «Мегаполис-Қазақстан» қызметінде 2

Аникин Сергей

Алматы қаласы филиалының гараж басшысы

Сергей, жаңа ГАзельдер жайлы айтып беріңізші

Біз жаңа 22 дана Next ГАЗельдерін алдық, 19 қысқабазалық және 3 ұзынбазалық түрде. Олар заманауи,алдында тәуелсіз аспалы бөлігі бар. Бұрылу радиусі кішірек және осының өзі үшін жігіттер машинаны мақтайды. Төбенің ұлғайтылуына байланысты жүк бөлігінің биіктігі жоғарырақ, бұл толық биіктікте бой жазып, еңкеймей жұмыс істеуге мүмкіндік береді. 

Жұмыс кезінде олар қандай?

Жаңа машинаның аты жаңа машина ғой. Оның ең басты басымдығы осында. Жұмыс кезіндегі эксплуатация бойынша – машиналар қалада жұмыс істеуге икемделген. Двигательдің қуаты  – біздің мақсаттар үшін жеткілікті. Темекі тасымалдау – бұл ауыр жүк болмағандықтан машина бізге өте қолайлы. Эксплуатациялау тәжірибесі бір жылдан аз, сондықтан әлі анау-мынау деп айтуға ерте – алғашқы төрт автокөлікті тек өткен жылы алдық. Жүргізушілерге ұнайды деп айта аламын. Жүк бөлігі ұлғайтылған,  бұл толтыру мен жүкті тасымалдау үшін өте ыңғайлы. Алдыңғы модельмен салыстырғанда жүргізуші биігірек отырады, яғни жолды көру кеңістігі кең және жақсырақ.

Next ұрпағы «Мегаполис-Қазақстан» қызметінде 3

Рустем Алимжанов, Петропавл,

Жүргізуші қызметіндегі сауда өкілі

Ыңғайлы, кең машина, терезе көтергіштер орнатылған, мұздатқыш бар, өте жақсы аспалы бөлік. Моторы әдсіздеу, сондықтан шығын көбірек. Ал жалпы, бұл жақсы көлік. Біздің петропавлдық қыста да бірден іске қосылады. Бірақ майы көп алады. Бәріне де майды тексеріп отыруға кеңес беремін. Менде және менің әрептесімде екі көлік (*қалған 6 көлікке сигнал құрылғылары орнатылуда) және біз майды мұқият тексеріп отырамыз. Машинаның сапасы жоғары, жиналуы, материалдары жақсы. Жұмыс істегенде толық бой жазып тұратындықтан өте ыңғайлы. Айдау кезінде көру кеңістігі жақсырақ.

Next ұрпағы «Мегаполис-Қазақстан» қызметінде 4

Батырбек Мергембаев, Қызылорда,

Жүргізуші қызметіндегі сауда өкілі

Менің бойым 180 см және мен жүк бөлігінде толық бой жазып төбеге басым тимей тұра аламын, бұл мен үшін тамаша. Және де сауда өкілі үшін электропакет пен мұздатқыштың болуы өте жақсы. Алдыңғы ГАЗельге қарағанда ыңғайлы. Біздің Қызылорда өте ыстық қала. Сөзбен жеткізе алмайтын ыстықтар болады,  мұздатқыштың болуы бұл керемет.Менің өзіме өте ұнайды, біздің ауа райында қайнап кетпейді. ГАЗель өздігімен маневрге жақсы, бұл бұрылу радиусын кеңейтеді. Сонымен қатар «Мегаполиске» белім үшін алғыс айтамын, кресло ыңғайлы салмақ азырақ түседі.