«Бумеранг»-жұмысшылар немесе қайта оралғандар деген кімдер? Неліктен олар қазір көбейіп кетті? Қайда және не үшін олар кетеді және неліктен қайта оралады? Бірге қарап көрейік…
«Жұмыстан шығудың Ұлы Дәуірі» – бұл не?
«Жұмыстан шығудың Ұлы Дәуірі» түсінігі COVID-19 індетімен байланысты. Нақ осы індеттен кейін Техас университетінің профессоры Энтони Клотц жорамалдаған жаппай жұмыстан шығулар бастау алды. Мысалы, 2022 жылдың наурызында АҚШ-та жұмыстан кеткендердің рекорды болды – 4,5 млн адам, ал Францияда жұмыстан босатылғандар саны соңғы 15 жылда шарықтау шегіне жетті. Мұндай жұмыстан шығудың себептері бірнеше: біріншісі – індеттен кейінгі шаршау, екінші себеп – жұмысшылар жұмыс күнін өзгертуге болатынын, сонымен қатар «қашықтан» жұмыс істеуге болатынын түсінді. Тағы бір фактор: жұмыс істеушілердің арасында жастар көп – олар Y мен Z ұрпақтары. Олар жаңа жұмысты іздеуге жеңіл қарайды. Алайда «бумерангтар» туралы ұмытпаған жөн.
«Қайта оралушылар» немесе «бумерангтар» — басқа жұмыс берушіге кеткен, ал қазір қайта оралғысы келетін жұмысшылар.
Қайта артқа ұшамыз
Сонымен қатар әлемдік зерттеулер жаппай «қайта оралушылар» немесе «бумерангтар» туралы айтады. Мәліметтерге сәйкес, жаппай жұмыстан шыққандардың 15% жұмыскерлері алдыңғы жұмыс берушіге қайта оралған және 40%-ға жуығы мұндай нұсқаны қарастыруда. Бұл адамдар бірнеше айдан кейін бұрынғы жұмыс орындарын сағынып, қайта оралу керек деп шешкен. Жас мамандар да қайта оралуда. Зерттеу жас ұрпақтын 46% оңай қайта оралуға даярын, ал салыстарғанда егде жастағы адамдардың 33% қайта оралуға даярлығын көрсетті.
Неліктен
Әр «бумерангтың» қайта оралудың өз себебі бар. Кейбіреулері «жасылырақ шөпке» кетіп, сұхбат барысындағы тартымды әңгімелер ертегі болып шыққанына көз жеткізген. Басқалары жеке ісін бастап, ол істі алып жүре алмаған. Үшіншілері жұмыстан «шаршап» ұзақ мерзімдік демалысқа кеткен. Тұрақтылық, қателіктерді қабылдау, әдет пен болашаққа деген сенім де қайта оралудың факторлары болып табылады. «Мегаполис-Қазақстанның» да тәжірибесінде қайта оралу жағдайлары бар.
Жасулан Раимкулов, супервайзер, «Тараз» филиалы
– ертеректе мен Тараз қаласындағы арақ-шарап компаниясының бірінің басшыларымен жолыққан болатынмын. Олар мені өздеріне жұмысқа қайта-қайта шақырып, жақсы жалақы төлеуге уәде еткен еді. Ол уақытта менде өзіндік шығармашылық дағдарыс кезеңі еді. Жұмыс істеп көруге бел будым да, бір апта өте бәрі де уәде еткендей емес еткеніне көзім жетті. Екі апта өте өзімнің біұрынға аумақтық менеджеріме телефон соқтым: менің вакансиям әлі де бос па? – деп сұрадым. Сәті түскендей вакансия әлі ашық болып, мен тез арада қайта оралдым.
– Неліктен мен қайта оралдым? Біріншіден, жалақы біздікіндей емес, әртүрлі уақытта және касса арқылы тек қолма қол беріледі, зейнетақылық жарналар жоқ. Екіншіден, қалыптасқан құрылым жоқ. «Мегаполисте» әркім өзіне қойылған тапсырмасын біледі, бәрі нақты көрсетілген, ережелер, стандарттар мен нұсқаулықтар бар. Басқа компанияда мұндай болмады. Қазір мен өз командама ең болмағанда Тараз қаласында «Мегаполис-Қазақстан» компаниясынан артық компанияны білмейтінімді айтып отырамын. Жалақыға келетін болсақ, иә, көбірек төлеуге дайындары бар, бірақ біздікіндей шарттар жоқ – бұл біздің 5-күндік жұмыс аптасы, және, ең бастысы, жалақы әрдайым уақытылы картаға түсіп тұрады. Зейнетақылық жарналар. Ертең не болады деп алаңдамайсың. Содан кейін сол жоспарлар. Бізге жоспарларды қойып, біз олар бойынша әрі жылжимыз. Бір апта өте саған ешкім айтпайды: «айналайын, сен жұмысты жақсы орындайды екенсің, міне саған тағы да қоса істейтін тапсырма. Сен істей аласың ғой, жақсы жігітсің ғой» деп. Жоспарды ұлғайтса азырақ табыс табасын, оны жүзеге асырудың өзі қиынырақ деген сөз. Өкінішке орай басқа жұмыс орындарында бұл жиі болып тұратын жағдай. Бізде Таразда «Мегаполис-Қазақстаннан» басқа жақсы компаниялар да жоқтың көзі. Сонымен бірге басшылық тарапынан сыйластық өте маңызды. Бізде адамдарды бағалайды және сыйластықпен қарайды. Барлығы ашық, түсінікті. Ешкім ештенені жасырмайды: қандай да мәселе туындаса, жаңашылдықтар енгізілсе, бұйрық жіберіп бізге жеке қолтаңбамызды ала әрқайсысымызға тасныстырады. Біз нұсқаулықтармен танысып, қолымызды қоямыз. Мен үшін осылай болғаны дұрыс, өйткені басқаларда жоғарыдан өздері шешіп, кейін сен білмегенсің ба дей салады. Ал мұнда бәрі нақты.
Александр Петров, жүргізуші қызметімен сауда өкілі, «Алматы» филиалы
«Нақты айтатын болсам отбасылық себептерге байланысты жұмыстан шаққан болатынмын. Отбасымызбен ортақ бизнес – дүкен аштық. Қаңтар оқиғасы кезінде біздің дүкен қопарылып қалды. Осымен бәрі бітті… Сауда нүктесі қаланың орталығында еді. Әжептәуір бұзылды. Біздің шыдамымыз таусылып, дүкенді жауып тастадық. Басында алыс жолдарға шышуға бел будым, Қытай, Ресейге жол жүріп тұрдым. Менде өз фурам болатын. Жақында оны сатып жібердім. Жұбайым шыдамай, бұл жұмысты тастап «Мегаполисқа» қайта оралуымда сұрады. Мен де жақсы компания ғой деп ойлап жүргем. Мұнда бәрін білемін – ассортимент, жұмысты. Ұжыммен жақсы таныспын – бес жыл қатар жұмыс істеп келдік. Резюмемді жібердім, жолым болып мені қайта қабылдап, енді міне мен осындамын. Бір жылдан сәл кем уақыт мұнда болмадым, шығармашылық демалыс деп айтуға болады.
Әріптестеріміз жұмыстан жиі қызбалыққа салынып шығып кетеді. Сырттан тез арада басқа жұмыс табу оңай боп көрінеді. Бұл сұраққа ойланып келу керек. Кейбіреулері ашуға булығып, супервайзердің үстеліне өтініштерін тастап жатады. Кейін өтініштерін қайта алуға көкіректері жібермей, ақыр соңында жұмыстан шығып кетеді».
«Бумерангтар» — қазір барлық жерде. Жұмыскерлер тәжірибе алып, демалып, ортаны ауыстырып қайта оралады, енді бәріне жаңа көзқараспен қарап, жаңаша идеялар әкеледі. Сайып келгенде, бұл жұмыскердің компания мен әріптестерін бағалағанынын белгісі. Бірақ бұл бәрі қайта орала алады дегенді білдірмейді.
«Бумеранг» үшін басты қауіп бұл теріс жауап алу. Және де қайта оралуды сұрау көптеген адамдар үшін қорлық болып көрінеді.
Александра Коротина, «Мегаполис-Қазақстан» HR–директоры:
«Бумеранг» эффектісі бізге де әсер етті. Адамдар қайта оралып жатыр, бірі бірнеше жылдан соң қайтып келсе, бірі бір апта өте қайта оралуда. Ағымдағы 2022 жылы бізге 50-ден астам адам қайта оралған. Мен қазір біз жұмысқа қайта алған адамдар жайлы айтып отырмын, шын мәнінде «Мегаполис-Қазақстанның» жұмыскері қайта болғысы келетіндер саны одан да жоғары. Алайда біз барлық адамдарды қайта ала алмаймыз, және оның себептері де әртүрлі. Мысалы, бізде қолайлы вакансия жоқ. Сондай-ақ қызметкер жұмыстан қызмет сапасы туралы көптеген сұрақтарды қалдырып кеткен болуы мүмкін. Және, әлбетте, біз жұмыскермен еңбек қатынастарын сенімнің жоғалуына, бірқатар тәртіптік және жұмыс стандарттарын бұзулар негізінде тоқтатсақ, ондай адамдарды жұмысқа қайта ала алмаймыз. Бір сөзбен айтқанда жұмыстан шығарылғандарды. Сондай-ақ адалдық деген бар. Қайта алған кезде неліктен қызметкер кетіп енді қайта оралғанын ұғынуымыз керек. Ол өз күшін асыра бағалады ма немесе біз оның мәселелелерін шешуге арналған уақытша орынбыз ба, кейін ол қайта кетіп қалады ма. Мұндай жағдайға бізде ереже бар – компанияға артқа тек бір рет қабылдаймыз».
Бұған дейін компаниялар бұрынғы жұмыскерді қайта жұмысқа қабылдауға құлықсыз болатын. Бүгінде бәрі басқаша. Қазақстанда да жағдай осы қалыпта.
Белгілі аудиторлық компанияның сарапшысы:
«Егер бұрындары «кері жол» жоқ деген ұстаным кең тараған болса, енді компаниялар оларды қайта көруге өздері де қуанышты. Бұған бірнеше себеп бар. Біріншіден, мұндай қызметкерді бейімдеу құны жаңа қызметкерді бейімдеу құнымен салыстырылуы төменде көрсетілген. Өзінің толық бар күшімен жұмыс істеуін де ол ертерек бастайды. Екіншіден, бұл ең маңыздысы шығар, екінші рет компанияға оралатын жұмыскерлер бұл әрекетке саналы түрде барады. Өйткені қай жерде «шөп жасылырақ» екенін көруді шешіп, басқа жерде жұмыс істеп көрген адамдар, көп жағдайда көңілдері толмай қалады. Олар басқа мекемелерде мәселелер егжей-тегжейлі бірдей екенін көреді, немесе олар алдындары көрмеген қиындықтармен кездеседі. Осылайша «бумерангтар» компанияға кеткен уақыттағы сәттен қайтып келген кезде белсендірек болып оралатын жағдайлар кең тараған. Олардың адалдығы өсіп қана қоймай, бұл қызметкерлер басқа жұмысшыларға осы жұмыс берушінің артықшылықтарын жеткізе бастайды. Осылайша жұмыскер екінші рет оны таңдап отырса, жұмыс беруші үшін бұл компанияның қызметкерлер үшін қолайлы еңбек жағдайларын жасайтынының, тартымды корпоративтік мәдениет пен мықты брендке иелігінің куәсінің өзіндік дәлелі болып табылады».
«Бумерангтар» және «Жұмыстан шығудың Ұлы Дәуірі» – бұл біздің бүгінгі күнгі шындық. Бұл құбылыстарда өзіндік басымдықтары мен ақаулықтары бар. Әркімге жеке өзі үшін шешім қабылдап, өзі, өз отбасы және қоршаған ортасы үшін ең аз шығындармен шыққаны маңызды.